ещё
свернуть
Все статьи номера
№12, 2016
ХРОНИКА

Министр МӘМС Қорындағы ақшаның сақталу мәселелері бойынша түсіндірмелер берді

Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы болып өтті, оның барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова депутаттардың болашақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) Қорының қызмет етуі бойынша сұрақтарына түсіндірмелер берді.

Атап айтқанда, депутат Ирина Аронова медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі жағдайларында ерікті медициналық сақтандырудың қалатын-қалмайтындығы туралы сұрақ берді.

Министр Т. Дүйсенова сақтандыру түрі ретінде ерікті медициналық сақтандырудың МӘМС-мен қатар қолданылатындығын түсіндірді. Алайда медициналық сақтандырудың ерікті шарты медициналық көмектің белгілі бір көлемін немесе оған көмек көрсетілетін белгілі бір соманы көздейді. МӘМС шеңберінде медициналық көмектің толық көлемі көзделген.

Депутаттар сондай-ақ, медициналық сақтандыру Қоры қаражаттарының сақталуы мен қолданылатын керілдіктер турасында алаңдаушылық білдірді. Атап айтқанда, қордың банкротқа ұшырауы мүмкін бе және Қор мұндай жағдайлардан қалай сақтандырылған?

Ведомство басшысы Қор шотының Ұлттық банк пен Бірыңғай зейнетақылық жинақтаушы қорының құрылымында болатындығын түсіндірді. Экономикалық жағдай нашарлаған кезде негізгі қаражаттар мемлекеттік бюджеттен келіп түсетін болады, ал экономикалық тұрақтылық кезінде негізгі қаражаттар жұмыс берушілер мен кәсіпорындардан келіп түсетін болады.

Мажилисмен Бақтияр Мәкенді медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі кезінде шетелдіктерге, атап айтқанда туристерге медициналық көмектің қалай көрсетілетіндігі қызықтырды, бізде медициналық көмек көрсету туралы мемлекетаралық келісім бар ма?

Т. Дүйсенова медициналық көмек көрсету жүйесінің тек қазақстандықтар үшін көзделгенін нақтылады, ал басқа елдерден келген азаматтарда өз сақтандырулары болады. Алайда ЕАЭО шеңберінде шетелдік азаматтарға ерекше аурулар бойынша жедел жәрдем мен медициналық көмек көрсетілуі мүмкін.

Дереккөз: med.mcfr.kz